Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

«Мектеп пен ата-ана серіктестігі – бала жетістігінің негізі»

2025 жылғы 19 желтоқсанда С.Т. Маженова 8-сынып оқушыларының ата-аналарымен «Мектеп пен ата-ана серіктестігі – бала жетістігінің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел форматында ата-аналар жиналысын өткізді. Жиынға 11 ата-ана қатысты.

Кездесу барысында жасөспірімдердің өтпелі кезеңдегі психологиялық ерекшеліктері, оқу үлгерімі, тәртібі, қауіпсіздігі және бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Сынып жетекшісі ата-аналарға оқушылардың үлгерімі, білім алу барысында кездесетін қиындықтары және сыныптың жетістіктері туралы жан-жақты ақпарат берді.

Сонымен қатар ата-ана мен мектеп арасындағы тұрақты байланысты нығайту, оқушыларға қолайлы психологиялық орта қалыптастыру және олардың білім алуға деген ынтасын арттыру жолдары қарастырылды. Ата-аналардың белсенділігін арттыру және өзара қарым-қатынасты нығайту мақсатында түрлі тренингтер мен ойындар ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел барысында ата-аналар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, бала тәрбиесі мен білім алуына қатысты өзекті мәселелерді ортаға салды. Қатысушылар ұсынылған жағдаяттарды бірлесіп талқылап, тәжірибе алмасты және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттарын айқындады.

Жиын соңында оқушының сапалы білім алуы мен жан-жақты дамуына мектеп пен ата-ананың өзара ынтымақтастығы тікелей ықпал ететіні атап өтілді. Осындай кездесулер педагогтер мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайтып, бала тәрбиесіне қатысты мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.