Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында 6-сынып оқушылары арасында тестілеу өткізілді

«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында 14–15 сәуір күндері «Оқитын мектеп» бағыты бойынша аудандық және қалалық кезең ұйымдастырылды. Аталған кезеңде облыстық байқауға жолдама алатын үздік қатысушылар анықталды.

Осыған орай Қостанай қаласы білім бөлімінің №15 жалпы білім беретін мектебінде 6-сынып оқушылары арасында қорытынды тестілеу өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және оқу сауаттылығын дамыту.

Тестілеу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барлық талаптарға сәйкес өткізілді. Оқушылар өз білімдерін көрсетіп, жоба аясында оқыған шығармалары бойынша білімдерін сынады.

Аталған іс-шараның сапалы ұйымдастырылып, талапқа сай өткізілуіне жоба жетекшілері мектеп кітапханашысы Ысмағұл Аида Асылбекқызы, аға тәлімгер Садвакасова Жанай-Керім Ерболатқызы және физика пәнінің мұғалімі Маженова Салтанат Төлендіқызы белсенді атсалысып, жауапкершілікпен жұмыс жүргізді.

Осындай игі бастамалар жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оқу мәдениетін қалыптастыруға, ой-өрісін кеңейтуге және білімге деген құштарлығын нығайтуға ықпал етеді. Жобаға қатысқан барлық оқушыларға сәттілік тілеп, алдағы облыстық кезеңде жоғары нәтижелерге жетулеріне тілектеспіз!