Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

«Менің бастамам менің Отаныма» облыстық байқауында мектебіміздің оқушысы жүлдегер атанды

 

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ ұйымдастыруымен 2024 жылғы 23 сәуірде «Менің бастамам – менің Отаныма» республикалық балалар әлеуметтік бастамалары мен шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық құндылықтарды қалыптастыру, балалардың шығармашылық және әлеуметтік бастамаларын қолдау.

Облыстық кезеңде Қостанай облысының 17 өңірінен 57 шығармашылық жоба ұсынылып, қатысушылар өз жұмыстарын сегіз номинация бойынша қорғады. Атап айтқанда: «Жақсылық керуені», «Отаным – қасиетті туған жерім», «Мен – Қазақстан азаматымын», «Менің ашық университеттерім», «Қазақстанның жеті кереметі», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Қайта өрлеу полюсі», «Менің отбасым: сабақтастық, құндылықтар мен мағыналар».

Байқауда «Қостанай қаласы білім бөлімінің №15 жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушысы Қуандық Арнұр «Мен – Қазақстан азаматымын» номинациясы бойынша ІІ орын иеленіп, жоғары нәтиже көрсетті.

Жүлдегер оқушыны байқауға дайындаған жетекшісі – Маженова Салтанат Төлендіқызы.

Мектебіміздің мақтанышына айналған Арнұр мен жетекшісі Салтанат Төлендіқызын лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық ізденістеріне толағай табыс, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!