Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

«Заң және тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілі»

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Ауыл мен қала: Адал азамат жолында» серіктестік жобасының жылдық жоспарына сәйкес 2026 жылғы 5 мамырда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №15 жалпы білім беретін мектебі» КММ мен Түркістан облысы білім басқармасының Жетісай ауданының білім бөлімінің «№57 «Сарыарқа» жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Заң және тәртіп» бағыты бойынша бірлескен профилактикалық іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында екі мектеп Zoom платформасы арқылы тікелей байланысқа шығып, өзара тәжірибе алмасып, құқықтық тәрбие бағытындағы жұмыстарымен бөлісті.

№57 «Сарыарқа» жалпы білім беретін мектебінде 8–11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылып, оған Жетісай аудандық прокуратурасының қызметкері Қасымбай Райымбек Аббазұлы, Жетісай ауданы полиция бөлімінің полиция капитаны Абдусапар Асқар, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Назарымбетов Е., сондай-ақ 8–11 сынып жетекшілері қатысты.

Кездесу барысында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, бопсалаудың, психологиялық қысым көрсетудің, буллингтің және зиянды әдеттердің алдын алу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар білім алушылар арасында арнайы сауалнама жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша профилактикалық жұмыстарды жетілдіру бағытында нақты шаралар жоспарланды.

Ал №15 жалпы білім беретін мектебінде осы күні 8–11 сынып оқушыларына Қостанай қалалық полиция басқармасының майоры Айтқожин Дәулет Балтабайұлы құқықтық сауаттылықты арттыру және құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыбында дәріс өткізді. Кездесу барысында заң талаптарын сақтау, жасөспірімдердің жауапкершілігі, интернет қауіпсіздігі, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Іс-шараны №15 жалпы білім беретін мектебінде 8-сынып жетекшілері Маженова Салтанат Төлендіқызы мен Ибрагимова Асемгуль Куанышевна ұйымдастырды.

Екі мектеп арасындағы онлайн кездесу қатысушыларға өзара пікір алмасуға, құқықтық тәрбиені күшейту бағытындағы тәжірибелерімен бөлісуге және жастар арасында заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырудың тиімді жолдарын талқылауға мүмкіндік берді.

Осындай бірлескен іс-шаралар «Ауыл мен қала: Адал азамат жолында» серіктестік жобасының негізгі мақсаты – жас ұрпақты адалдыққа, жауапкершілікке, құқықтық мәдениетке тәрбиелеу және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру міндеттерін жүзеге асыруға өз үлесін қосуда.